Өткен тәулікте пневмониядан 1 адам көз жұмды

01.02.2021 14:21

2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 16 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Оған қоса 157 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 47874, 570 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 35900 жетті.