Филиппинде бір тәулікте 15 мыңға жуық адамнан COVID-19 анықталды

16.08.2021 в 14:22

Вьетнамның ең ірі қаласы Хошимин әкімшілігі бір айға қатаң әлеуметтік шектеулерді ұзартты

Францияда коронавирусқа қарсы вакцинацияны немесе теріс ПТР тестін растайтын «санитарлық рұқсат беру» жүйесі қалпына келтірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жүйеде ақау 13 тамыз, жұма күні анықталды. Бұл SI-DEP порталы серверлерінің шамадан тыс жүктелуіне байланысты болған, оның көмегімен фармацевттер «санитарлық рұқсаттамаларды» рәсімдейді. Вьетнамның ең ірі қаласы Хошимин әкімшілігі бір айға қатаң әлеуметтік шектеулерді ұзартты. Қоғамдық орындарда адамдардың жиналуына тыйым салу, дәрі-дәрмек, азық-түлік және бірінші кезекте қажетті тауарлардан басқаны саудалайтын кәсіпорындардің жұмысын тоқтату тәрізді шаралар қабылданды. Қала тұрғындарына аса қажет болмаса үйлерінен шықпауға нұсқау берілді. Филиппинде коронавирустың жаңа жағдайларының саны бойынша антирекорд тіркелді - 14 749 жағдай. Сонымен қатар, Иранда бір тәулік ішінде өлім-жітімнің ең көп саны анықталды - 620.