|
27.07.2021 | 09:22
876

Франция індетке қарсы күрес шараларын күшейтті

Құжаттың екі қаралымынан соң медициналық қызметкерлерді, өрт сөндірушілерді және әскерилердің бірқатар санатын міндетті түрде вакциналау туралы ереже енгізілді

Франция індетке қарсы күрес шараларын күшейтті  ҚазАқпарат

Франция парламенті індетке қарсы шаралар туралы заң жобасын қолдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Құжаттың екі қаралымынан соң медициналық қызметкерлерді, өрт сөндірушілерді және әскерилердің бірқатар санатын міндетті түрде вакциналау туралы ереже енгізілді. Сондай-ақ, жобаға сәйкес, билік өзін-өзі оқшаулау режимін сақтамаған вирус жұқтырғандарға бақылауды күшейтеді. АҚШ-тағы дәрігерлердің, медбикелердің, фармацевттердің мүддесін қорғайтын 50-ден астам ұйым медицина қызметкерлеріне коронавирусқа қарсы вакцинаны міндетті түрде салдыруға шақырды. 

The Washington Post газетінің хабарлауынша, бұл шақыру «елдегі вакцинацияның баяу қарқынына» байланысты медициналық қоғамдастықтың «барған сайын қатал ұстанымға» бет бұрғанын білдіреді. Бірқатар елдерде коронавирустың тәуліктік жұқтыру дерегі бойынша антирекорд тіркелді: Иранда — 31 814 жағдай, Таиландта — 15 376 жағдай, Қазақстанда — 6 637 жағдай.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир