Мәскеуде екі адам коронавирустан қайтыс болды

26.03.2020 14:22

Екі пациенттің көз жұмғаны туралы SARS-CoV-2 коронавирусы бойынша мәскеулік жедел штабтың ресми Telegram арнасы хабарлады

иллюстративное фото из открытых источников

Ресейде коронавирустан 25 наурыз күні кешкісін тағы екі адам қайтыс болды. Осылайша, елде COVID-19 инфекциясынан көз жұмғандардың саны үшке жетті деп хабарлайды Kaz.nur.kz.

Белгілі болғандай қайтыс болған марқұмдар 88 және 73 жастағы науқастар. Олардан анықталған COVID-19 инфекциясы өкпенің қабынуын тудырған. Одан бөлек, қарттардың жалпы жағдайының нашарлауына ағзасындағы өзге де аурулар әсер еткен. Екі пациенттің көз жұмғаны туралы SARS-CoV-2 коронавирусы бойынша мәскеулік жедел штабтың ресми Telegram арнасы хабарлады. Сонымен қатар хабарламада жасы егде тартқан адамдар үшін оқшалану мен карантиннің өте маңызды екені айтылған.

Сондай-ақ, созылмалы аурулардан зардап шегетіндерге ерекше сақ болу керектігі ескертілген.

«Тәжірибе «тәуекел тобына» жататын тұлғалардың медицналық жүйеге жүктеме салатындығы мен көп жағдайда олардың арасында өлім-жітім көрсеткішінің жоғары екенін көрсетеді. Олар 55 жастан асқан адамдар. Олардың денсаулығына қатысты ортақ проблемалары бар», – деді мемлекет басшысы.

Жапония коронавирустың емін тапты