Бұл мәлімдемені Женевада өткен ДДСҰ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры Майкл Райан мәлімдеді
COVID-19 антиденелерін зерттеу барысында коронавирусты жұқтырған адамдардың көпшілігі ауыр формамен ауыратындығын көрсетеді, деп хабарлайды Stan.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, алдын-ала зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жұқтырғандардың жалпы санынан індеттің ауыр формасына шалдыққандардың саны басым.
Ол әлемдік қауымдастықты осы мәліметтерді ескере отырып, COVID-19 ауруларының алдын-алу шараларын күшейтуге шақырды.
11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 жаңа коронавирус инфекциясын пандемия деп хабарлады. ДДСҰ-ның соңғы мәліметтеріне сәйкес, әлемде 3,9 миллионнан астам адам инфекция жұқтырған, 274 мыңнан астам адам қайтыс болған.