Елімізде қауіпті вирус жұқтырғандар саны 56 адамға жетті
Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы екі адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстандағы коронавирус бойынша 22 наурыздағы сағат 09.00-дегі жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді», - делінген хабарламада.
Мәліметке сай, осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында – 31, Алматы қаласында – 22, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1, барлығы 56 науқас тіркеліп отыр.