Түркияда карантин талабы жеңілдетілді

28.06.2021 14:26

Барлық жұмыс орындары ашылып, пандемияға байланысты қызметін тоқтатқан кинотеатрлар қайта жұмыс істей бастайды

БелТА

Түркияда 1 шілдеден бастап эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты коронавируспен күреске қатысты шектеулер тағы да жеңілдейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Анадолы агенттігінің мәліметінше, комендант сағаты тоқтатылып, қаларалық қатынас шектеулері алынып тасталады.

Барлық жұмыс орындары ашылып, пандемияға байланысты қызметін тоқтатқан кинотеатрлар қайта жұмыс істей бастайды.

Кафе мен мейрамханалар келуші санын шектемей ғимарат ішінде және далада қызмет көрсете бастайды.

Сонымен бірге 1 шілдеде үйлену тойы ашық жерде қонақ санын шектеместен өткізіледі. Концерт және фестиваль өткізуге бұған дейін белгіленген сақтық шаралары бұзылмаса рұқсат беріледі.