Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 66 адамға жетті

24.03.2020 14:26

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тағы 4 адамнан коронавирус табылды

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында 2 адамнан, сондай-ақ, Алматы қаласында 2 адамнан коронавирус жұқтыру жағдайлары тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің мәліметінше, 24 наурыздағы сағат 09:00-дегі жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 66-ға жетті.

Нұр-Сұлтанда – 34, Алматыда – 28, Қарағандыда – 2, Алматы облысында - 1 және Ақтөбе облысында - 1 жағдай тіркелді.