Алматы облысының елді мекендері арқылы айналып өту жолдары көрсетілген
19 наурыз күні сағат 00: 00-ден бастап жарияланған карантин ережелерін сақтау, сондай-ақ қаланың көлік артериясын түсіру тәртібін реттеу мақсатында Алматы полициясы қаланы облыс аймағы арқылы айналып өту жолының сызбасын картаға белгіледі, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық ПД сілтеме жасап.
Бұл облыс аймағы арқылы қаланы айналу бағытын көрсетеді. Шартты түрде, Талғар ауданынан Қарасайға және т.б. аудандарға қалай жетуге болады. Картада нүкте сызықпен қаланы Алматы облысының елді мекендері арқылы айналып өту жолдары көрсетілген.
Сонымен қатар, біз азаматтарды маршруттарды алдын-ала жоспарлап, реттеуге, төтенше жағдайлар мен карантин ережелерін қатаң сақтауға, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауға және короновирустық инфекциямен күресу мен алдын-алу шараларына түсіністікпен қарауға шақырамыз.