Елімізде коронавирустан 97 адам қайтыс болды

10.09.2021 14:27

Коронавирус жұқтырғандар арасында 208 науқас өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр

egemen.kz

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустан 78, коронавирустық пневмониядан 19 адам көз жұмды, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

82 162 адам коронавирус инфекциясынан (оның 74 116 коронавирустан және 8 046 пневмониядан) емделуде, олардың ішінде 17 245 пациент стационарда, 64 917 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Ауруға шалдыққандардың арасында:

• 1 310 адамның жағдайы ауыр,

• 373 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 208 науқас өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.