Қазақстанда соңғы тәулікте 482 адамнан коронавирус анықталды

12.07.2022 14:27

Жалпы КВИ жұқтырғандар саны 1 310 370-ке жетті

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 482 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 310 370-ке жетті. 

Өткен тәулікте анықталғандардың ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 123, Алматы қаласында - 205, Шымкент қаласында – 28, Ақмола облысында – 1, Ақтөбе облысында –3, Алматы облысында - 29, Атырау облысында - 15, Шығыс Қазақстан облысында - 5, Жамбыл облысында - 23, Батыс Қазақстан облысында - 4, Қарағанды облысында - 28, Қостанай облысында - 0, Қызылорда облысында - 6, Маңғыстау облысында - 4, Павлодар облысында - 4, Солтүстік Қазақстан облысында - 0, Түркістан облысында 4 адам қауіпті індетке шалдыққан. Ал рсы тәулікте 108 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан. Нұр-Сұлтан қаласында - 57, Алматы қаласында - 48, Павлодар облысында 3 тұрғын ауруынан айығып, қатарға қосылды. 

Елімізде барлығы 1 293 556 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.