Қазақстанда төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін алпыстан астам адам қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Азаматтарымыздың басым көпшілігі төтенше жағдай режимінің талаптарына түсіністікпен қарайды. Алайда естілік танытуға бәрі бірдей дайын емес. Негізінен заң бұзушылықтар Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 476-бабы бойынша тіркелген. Мұның жазасы 10 АЕК (26 510 теңге – Sputnik) айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу», - деді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.
Оның айтуынша, төтенше жағдайға қарамастан, өңірлерде тойлар тыйылмай тұр, дәмханалар мен интернет-клубтар, балаларға арналған үйірмелер жұмысын тоқтатқан жоқ.
"Барлығы осындай 313 факті анықталды. 94 азамат жауапқа тартылды, олардың 64-і қамауға алынды", – деді министр.
Мәскеуде екі адам коронавирустан қайтыс болды