СМ ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 12 мамырдағы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі baq.kz-ке сілтеме жасап.
12 мамырдағы мәлімет бойынша, 40 056 адам коронавирус инфекциясынан (39 671 КВИ+ және 385 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 495 пациент стационарда, 25 561 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 799 адамның жағдайы ауыр,
• 192 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 122 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бұдан бөлек ведомство COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі деректі де ұсынды.
2021 жылғы 10 мамырдағы мәлімет бойынша 13 жаңа жағдай тіркелді, 5 жағдай өліммен аяқталған. 25 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 53 584, өлім жағдайлары - 842, барлығы 52 357 адам сауығып шықты.