Қазақстанда өткен тәулікте 686 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 103, Алматы қаласы - 59, Шымкент қаласы - 5, Ақмола облысы - 61, Ақтөбе облысы - 9, Алматы облысы - 26, Атырау облысы - 7, Шығыс Қазақстан облысы - 40, Жамбыл облысы - 8, Батыс Қазақстан облысы - 15, Қарағанды облысы - 98, Қостанай облысы - 77, Қызылорда облысы - 6, Маңғыстау облысы - 5, Павлодар облысы - 83, Солтүстік Қазақстан облысы - 79, Түркістан облысы - 5. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 974455.
Қазақстанда өткен тәулікте 1 122 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 121, Алматы қаласы - 74, Ақмола облысы - 81, Алматы облысы - 19, Атырау облысы - 3, Шығыс Қазақстан облысы - 33, Жамбыл облысы - 11, Батыс Қазақстан облысы - 103, Қарағанды облысы - 148, Қостанай облысы - 237, Қызылорда облысы - 12, Павлодар облысы - 117, Солтүстік Қазақстан облысы - 144, Түркістан облысы - 19. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 940688.