Қазақстанда кинотеатрлар мен караокелер қайта ашылмақ. Еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы бойынша, кәсіптік нысандар Ashyq жобасына енгізіліп, 3 кезең бойынша жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Атап айтсақ, алғашқы кезең 14 сәуірде басталып, жобаға – кинотетрлар мен театрлар, филармониялар және қоғамдық тамақтану орындары мен ерікті қатысушылар қосылады. 21 сәуірден бастап, қосымшаға туристік тасымалдау қызметі, бильярд клубтары мен концерт залдары енгізіледі. Ал, 5 мамырдан бастап, үшінші кезеңде караокелер мен банкет залдары да жобаны пайдаланбақ.
«Республика аумағында «Ashyq» жобасына қатысушыларды кеңейту мақсатында мыналарды жобаға енгізуге рұқсат етілсін:
- бірінші кезеңде 2021 жылғы 14 сәуірден бастап: кинотеатрлар; театрлар және филармониялар; банкет залдарын, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі нысандарды қоспағанда қоғамдық тамақтану нысандары; ерікті қатысушылар;
- екінші кезеңде 2021 жылғы 21 сәуірден бастап: облысаралық және қалааралық жүйелі месе (туристік) тасымалдар; бильярд клубтары; концерт залдары;
- үшінші кезеңде 2021 жылғы 5 мамырдан бастап: 1) караоке; 2) жасыл аймақтағы банкет залдары (толтырылуы бір залда 50 адамға дейін, 1 келушіге кемінде 4 ш. метр)», – деп жазылған қаулыда.
2021 жылғы 26 сәуірден бастап кәсіпкерлік нысандарында «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру аяқталады және жоба Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріне таратылады.
Сондай-ақ, «Ashyq» пилоттық жобасын йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтарда, спа-орталықтарда, сауналар мен бассейндерде, PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік (16 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда) және боулинг клубтарда іске асыруды жалғастыру жазылған.