Қазақстан бойынша қатерлі індеттен қайтыс болғандар саны 56-ға жетті
Коронавирус індетінен 3 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.
Павлодар облысы: 1957 жылы туған ер
Атырау облысы: 1948 жылы туған әйел
Қарағанды облысы: 1963 жылы туған ер адам
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Қазақстан бойынша барлығы 56 адам қайтыс болды.