57 адам емделіп шыққан
Қазақстанда коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан 19 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 30 қазанда ел өңірлерінде коронавирус пневмониясының жаңадан 28 жағдайы және 1 өлім дерегі тіркелді. 57 адам емделіп шыққан. 2020 жылдың 13 наурызы – 2021 жылдың 30 қазаны аралығында коронавирус пневмониясы 79 652 адамнан анықталды, қайтыс болды - 5036 науқас, жазылып шықты – 68917 адам.
Сондай-ақ министрлік ақпаратына сүйенсек, өткен тәулікте коронавирустың жаңадан 1395 оқиға расталды. 1 адам қаза болды. Жалпы, 2020 жылдың 13 наурызы – 2021 жылдың 31 қазаны аралығында коронавирус 940 612 адам шалдықты. 12 114 науқас көз жұмды.