Коронавирустан емделіп жатқан 665 адамның жағдайы ауыр

28.05.2021 14:31

154 пациенттің жағдайы өте ауыр

Фото: ашық дереккөзден

28 мамырдағы мәлімет бойынша, 30 153 адам коронавирус инфекциясынан (29 576 КВИ+ және 577 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 11 432 пациент стационарда, 18 721 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды Almaty.tv

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

• 665 адамның жағдайы ауыр, 

• 154 пациенттің жағдайы өте ауыр, 

• 101 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.