Индонезия карантин шектеулерін 16 тамызға дейін ұзартты

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Ал, Филипиндіктер күн сайын миллионға жуық азаматты вирусқа қарсы вакцинациялауды жоспарлап отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Филипиндіктер күн сайын миллионға жуық азаматты вирусқа қарсы вакцинациялауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Филипиндіктер күн сайын миллионға жуық азаматты вирусқа қарсы вакцинациялауды жоспарлап отыр. Бұл іс-шаралар ел үкіметі коронавирусқа қарсы вакциналардың қосымша партияларын алған кезде іске қосылуы мүмкін. Қазіргі уақытта филиппиндік дәрігерлер халқы 109 миллион адамды құрайтын ел азаматтарының 8,5% - ын толығымен вакциналады. 

Индонезия коронавирустың таралуына байланысты енгізілген әлеуметтік шектеулерді 16 тамызға дейін ұзартты. Олар қызметкерлерді қашықтан жұмыс жасау режиміне ауыстыруды, ең көп зардап шеккен аудандарда іскерлік белсенділікке тыйым салуды және ел ішіндегі қозғалыс кезінде вакцинация туралы сертификаттарды ұсынуды қамтиды. 

Иранда коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайлары бойынша антирекорд тіркелді 40 808 жағдай. Сонымен қатар өткен тәулікте елде пандемия кезіндегі көз жұму жағдайларының ең көп саны анықталды-588 дерек.

Новости партнеров