Атырауда 16 тұрғын маска кимегені үшін жазаланды

20.07.2020 14:33

Жеке тұлғаларға 30, ал, бизнес субьектілеріне 230-дан 1600-ге дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген

holanews.kz

Атырау қаласының 16 тұрғыны маска кимегені үшін жазаланған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садуақас Байғабыловтың мәлім етуінше, карантин режимін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі бекітілген. Жеке тұлғаларға 30, ал, бизнес субьектілеріне 230-дан 1600-ге дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген. 

«Соңғы бірнеше тәулікте Атырау қаласының 16 тұрғыны маска тағу режимін бұзғаны үшін жазаланды», – деді Садуақас Байғабылов.