Коронавирус жұқтырған 770 адамның жағдайы ауыр

04.05.2021 14:33

192 пациенттің жағдайы өте ауыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 4 сәуірдегі ақпарат бойынша, 45 012 адам коронавирус инфекциясынан (44 601 КВИ+ және 411 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Олардың ішінде 15 517 пациент стационарда, 29 495 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

• 770 адамның жағдайы ауыр, 

• 192 пациенттің жағдайы өте ауыр, 

• 130 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.