2020 жылғы 9 желтоқсанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 215 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.
Оған қоса 109 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 43339, 456 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 31141 жетті.