Қазіргі уақытта Әзербайжанда 49 959 адам коронавирусқа шалдыққан
Өткен тәулікте Әзербайжанда COVID-19 жұқтыруың 946 жағдайы анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұдан бөлек, тағы 228 адам емделіп шықса, ауру жұқтырған 7 пациент көз жұмды. Қазіргі уақытта Әзербайжанда 49 959 адам коронавирусқа шалдыққан, олардың 671-і қайтыс болған. 41 279 адам сауығып шыққан. 8 009 пациент ем қабылдауда. Пандемия басталғалы республикада COVID-19 вирусының бар-жоғын анықтайтын 1 291 534 тест (соңғы тәулікте – 10 037) жүргізілген.
Сондай-ақ коронавирус жұқтырушылар санының артуын ескере отырып, Баку қаласының билігі 24 және 25 қазан күндері ел астанасы мен қала маңындағы 554 көше мен даңғылда дезинфекция жұмыстарын жүргізді. Дезинфекция жұмыстары алдағы уақытта Баку тұрғындарының қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету шаралары аясында жалғасады деп жоспарлануда.