Коронавирустан емделіп жатқан 668 адамның жағдайы ауыр

31.05.2021 14:34

152 пациенттің жағдайы өте ауыр

Фото: ашық дереккөзден

Елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққан 668 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Almaty.tv

31 мамырдағы мәлімет бойынша 27 180 адам коронавирус инфекциясынан (26 613 КВИ+ және 567 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 908 пациент стационарда, 16 272 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

668 адамның жағдайы ауыр, 

152 пациенттің жағдайы өте ауыр, 

97 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.