Трамп АҚШ-та коронавирус жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты

28.04.2020 в 14:36

Қазіргі уақытта АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 950 мыңнан асқан, 55 мыңнан аса адам қайтыс болған

АҚШ президенті Дональд Трамп елде коронавирус жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Нью-Йорк, Чикаго, Бостон мен Жаңа Орлеанда вирус жұқтыру дерегі азайып келеді, ал басқа қалаларда жағдай тұрақтанған.

"Елдің барлық бөлігі жақсы күйде немесе ол жақтарда коронавирусқа қатысты жағдай жақсарып келеді", – деді Трамп баспасөз мәслихатында.

Қазіргі уақытта АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 950 мыңнан асқан, 55 мыңнан аса адам қайтыс болған.