Зертхана сараптамасы Ғылыми-зерттеу институтының вирусология бөлімінде өткен
Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 4-ке жетті, – деп хабарлайды Gazetz.uz.
Республиканың Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, вирус Ташкент тұрғынының қызы мен ұлынан анықталған. Олардың жасы анықталмаған.
Елдегі төртінші жағдай 15 наурыз сағат 05:15-те Ыстамбұлдан Ташкентке Uzbekistan Airways арқылы келген (HY274 рейсі) Өзбекстан азаматынан анықталған. Зертхана сараптамасы Ғылыми-зерттеу институтының вирусология бөлімінде өткен.
Басылым мәліметінше, дәрігерлер мен мамандар емдеу мен эпидемиологиялық зерттеуді белгіленген стандарттар бойынша жүргізеді. Аурудың елге тарап кетпеуі үшін қажет алдын алу шаралары жүргізіледі.
Дерек көз: kaz.tengrinews.kz