Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 334 адам коронавирус жұқтырған

Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 334 адам коронавирус жұқтырған
Бүгінде Оңтүстік Кореяда таралған вирустан көз жұмғандар саны 12 адамға жетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оңтүстік Кореяда коронавирус инфекциясының жаңа түрін жұқтырған 334 адам анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Оның 307-сі Тэгу қаласында, қалғаны елдің әр жерінде. Сөйтіп, Оңтүстік Кореядағы науқастар саны 1595-ке жетіп, 12 адам көз жұмған. Одан бөлек, «Жаңа коронавирустық инфекция» диагнозын «Diamond Princess» круиздік кемесіндегі үш ресей азаматының жұқтырғандары анықталды. Қазір олар дереу эвакуацияланып, карантинге жіберілген. Олармен байланыста болған 5 адам өздерінің жағдайының қалыпты екенін айтты.  Ал осы қауіпті індетке байланысты Италияның криуздік лайнерін Мексика портына жібермей жатыр. Бұған дейін лайнер Ямайка мен Кайман аралдарына тоқтамай жүзіп өткен. Себебі ол жерлер де қауіпті деп танылып, барлық кемелер кейін қайтарылып жатыр. Бортта 4500 жолаушы және 1600-ден астам экипаж мүшелері бар. Әзірге, онда қазақстандықтардың бар-жоғы белгісіз.

Коронавирус: тағы төрт елдің азаматынан анықталды

Новости партнеров