Мемлекет басшысы медицина мамандарына алғыс білдірді

18.03.2020 14:39

Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды

dalanews.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев медицина мамандарына алғыс білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Коронавирусты анықтау, науқастарды емдеу және вирустың одан әрі таралмауы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтамын. Үкімет осындай қызметкерлерге сыйақы беру шараларын қабылдайды», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.