Британия билігі сәуірде пилоттық тәртіпте көрермендермен бұқаралық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік беретін шаралар қатарын сынауды бастайды. Атап айтқанда, ауру туралы жазбалар, COVID-19 -ға қарсы вакцинация және ПТР-дың бұрыс нәтижелері жайлы мәлімет енгізілетін «коронавирус паспортын» тесілейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл жүйені сынаушылар, олардың ішінде 40 консерватор депутат аталмыш сертификаттар жүйесін «кемсітушілік және тиімсіз» болуы мүмкін деп санайды. Депутаттардың ойларын жетекші ғалымдар қолдады. Олардың қатарында инфекциялық аурулар бойынша сарапшы Майк Тилдесли бар.
Ол көп адамдар вакцинация ала алмай тұрған кезде, аталған жобаны енгізуге үзіді-кесілді қарсылық танытты. Telegraph-тың хабарлауынша, «коронавирус паспорты» технологиясы алдағы күзге дейін дайын болмауы мүмкін. Британ Үкіметі таратқан мәліметке сәйкес, оны қолданысқа енгізуге «апта емес, айлар» кетеді. Ұсынылған жоспар тек Англияны қамтығанымен, үкімет бұл жүйені Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландиямен талқылау үстінде.