Бір отбасының 17 мүшесі коронавирус жұқтырып алды
stan.kz
Енді жерлеу рәсімінде болған тағы 16 адам сол кезде инфекцияны жұқтырып алдық деп күдіктеніп отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ұлыбританияның Хейлсовен қаласында туысының жерлеу рәсіміне қатысқан 17 адамнан коронавирус анықталған және инфекцияны жұқтырды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Stan.kz.
Metro басылымының хабарлауынша, 86 жастағы Шейла Брукс 9 ақпанда коронавирустан қайтыс болды. Оның жерлеу рәсімі екі апта бұрын, оқшаулау шаралары қабылданғанға дейін өткен және оларға үлкен отбасы мүшелерінің көпшілігі қатысқан.
Арадан көп уақыт өтпей,13 наурызда Шейланың жиен-сіңлісі 65 жастағы Сьюзен Нельсон ауырып, коронавирус жұқтырды деген күдікпен көз жұмған.
Енді жерлеу рәсімінде болған тағы 16 адам сол кезде инфекцияны жұқтырып алдық деп күдіктеніп отыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
06.10.2026 09:30
Елордада бес көлікті жалын шарпыды
06.10.2026 10:00
Алматыда коммуналдық қызметтердің қысқа дайындығы талқыланды
06.10.2026 11:20