Италия карантинді 3 мамырға дейін ұзартуға шешім қабылдады

10.04.2020 19:30

Бұл туралы премьер-министр Джузеппе Конте мәлім етті

kazinform.kz

Италия үкіметі елде коронавирустың таралуын шектеу үшін қабылданған шараларды 3 мамырға дейін ұзартпақ. Бұл туралы премьер-министр Джузеппе Конте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANSA агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, бейсенбі күнгі деректерге сәйкес, Италияның қарқынды терапия бөліміндегі коронавирусы бар пациенттердің саны төртінші күн қатарынан қысқарып келеді. Бұл туралы Азаматтық қорғаныс департаменті хабарлады.

Қазіргі уақытта Италияда мұндай 3605 пациент бар, бұл сәрсенбі күнгі науқастар санынан 88 адамға аз. Сондай-ақ Азаматтық қорғаныс департаменті қазір елде 96 877 адам COVID-19 вирусын жұқтырғанын мәлімдеді.

FNOMCEO Дәрігерлер гильдиялары федерациясының мәліметінше, кеше Италияда коронавирус екі дәрігердің өмірін қиған. Осылайша вирустан қайтыс болған дәрігерлер саны 105 адамға дейін өскен.