ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады
Қазақстан аумағында 3 тамыз күні 125 адам - коронавирустан, тағы 33 адам - пневмониядан көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтанда - 23 адам және Шымкент қаласында тіркеліп отыр - 19 науқас. Қарағанды облысында - 17, Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында - 10 адамнан, Атырау облысында - 12, Павлодар облысында - 9, Ақмола облысында - 7, Ақтөбе облысында - 5, Батыс Қазақстан облысында - 4, Қызылорда және Жамбыл облыстарында - 3, Шығыс Қазақстан облысында - 2, Қостанай облысында бір адам қайтыс болған.
Ал Алматы, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында коронавирустан көз жұмғандар жоқ.