2020 жылғы 3 қыркүйекте тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат
Елдегі ахуал бойынша бір тәулікте коронавирус белгісі бар пневмонияға 571 адам шалдығып, 6 науқас індеттен мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жалпы елде коронавирустан айыққандар саны 97 мың 967-ге жетті. Оның 13 мың 192-сі Нұр-Сұлтанда болса, Алматыда - 13 мың 588 науқас аурудан құлан таза жазылған. Шымкентте бұл көрсеткіш - 4 мың 498. Жалпы 106 мың 32 адам инфекция жұқтырған. Өкінішке қарай, 1 мың 606 отандасымыз аурудан көз жұмды.