КВИ жұқтырған 742 адамның жағдайы ауыр

20.05.2021 15:00

187 пациенттің жағдайы өте ауыр

Фото: ашық дереккөзден

20 мамырдағы мәлімет бойынша, 35 846 адам коронавирус инфекциясынан (35 314 КВИ+ және 532 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ДСМ сілтеме жасап.  

Олардың ішінде 13 265 пациент стационарда, 22 581 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

• 742 адамның жағдайы ауыр, 

• 187 пациенттің жағдайы өте ауыр, 

• 107 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. 

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек 2021 жылғы 18 мамырдағы мәлімет бойынша 105 жаңа жағдай тіркелді, 78 адам жазылып шыққан.