Бұл орындар 3 мыңға дейін науқас қабылдайды
Қытайдың орталығындағы Сиань қаласында ковид-19 індетін емдеуге арналған 3 аурухана ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Nege.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл орындар 3 мыңға дейін науқас қабылдайды. 13 миллион тұрғыны бар шаһар қазір індет ошығына айналған. Соңғы есеп бойынша мұнда 200-ге жуық адам коронавирус жұқтырған. Осыған байланысты карантин талабы күшейді. Ішкі әуе рейстері кейінге шегеріліп, пойыздар мен автокөлік жүрісіне шектеу қойылған.
Сондай-ақ барлық бұқаралық іс-шараларды өткізуге және тұрғындардың сыртқа себепсіз шығуына тыйым салынды. Азық-түлік алу үшін дүкенге 2 күнде тек бір рет баруға рұқсат етіледі. Жаппай тестілеу жұмысы жүріп жатыр.