Коронавирустан емделіп жатқан 144 адамның жағдайы өте ауыр

08.11.2021 14:43

104 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 8 қарашадағы мәлімет бойынша, 40 856 адам коронавирус инфекциясынан (–35 528 + және 5 328 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың ішінде 7 563 пациент стационарда, 33 293 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

• 556 адамның жағдайы ауыр, 

• 144 пациенттің жағдайы өте ауыр, 

• 104 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.