Қала басшысы дәрігерлерді «Бейбіт күннің батырлары» деп атады
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасында дәрігерлердің коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың өмірі үшін аянбай күресіп жүрген сәті түсірілген видеомен бөлісті.
«#COVID19. Майданның алдыңғы шебі. Негізгі ауыртпалық медицина қызметкерлерінің мойнында. Дәрігерлер — бейбіт күннің батырлары. Қолдаймыз. Мақтан тұтамыз. Біз сіздермен біргеміз», - деп атап өтті мегаполис басшысы.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)24 Апр 2020 в 8:07 PDT