Коронавирустан емделіп жатқан 1573 адамның жағдайы ауыр

29.07.2021 в 14:46

332 пациенттің жағдайы өте ауыр

Фото: ашық дереккөзден

29 шілдедегі мәлімет бойынша 90 767 адам коронавирус инфекциясынан (88 495 КВИ+ және 2 272 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv

25 714 пациент стационарда, 65 053 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

  • 1 573 адамның жағдайы ауыр, 
  • 332 пациенттің жағдайы өте ауыр, 
  • 154 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.