Коронавирустан емделіп жатқан 236 адамның жағдайы ауыр

18.03.2021 14:46

65 пациенттің жағдайы өте ауыр

Фото: ашық дереккөзден

Елімізде 19 871 адам короновирус инфекциясынан емделуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

18 наурыздағы мәлімет бойынша, 19 871 адам короновирус инфекциясынан (16 191 КВИ+ және 3 680 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 603 пациент стационарда, 14 268 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

• 236 адамның жағдайы ауыр; 

• 65 пациенттің жағдайы өте ауыр; 

• 39 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр