Коронавирус: 5 наурыздан бастап Иран азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынады

Yandex.by
Yandex.by
Ирандықтар коронавирус жұқтырғандар жатқан аурухананы өртемек болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Иран азаматтарына 5 наурыздан бастап Қазақстанға кіруге тыйым салынады, хабарлайды Almaty.tv.  

Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Бұған сол елде қытайлық коронавирустың жаңа түрі таралып жатқаны себеп болды. Бұған дейін белгілі болғандай, ирандықтар коронавирус жұқтырғандар жатқан аурухананы өртемек болды. Бендер-Аббас қаласындағы медициналық мекемені жағып жібергісі келгендер – жергілікті тұрғындар. 

Олардың мұндай әрекеті пневмонияның Ирандағы ошағы саналатын Кум қаласынан жергілікті ауруханаға коронавирус инфекциясын жұқтырған 10 адам әкелінді деп тараған қауесеттерден кейін басталған. Дерек көздері Бендер-Аббасқа науқастардың ауыстырылғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жазған. Өрттен зардап шеккен аурухананың басшылығы да мекемеде вирус жұқтырғандар жоқ екенін айтып, мәлімдеме жасаған. Өрт дер кезінде сөндірілді.

Новости партнеров