Оның айтуынша, бүгінгі таңда елімізде COVID-19 - жаңа вирусын жұқтырған 4 049 науқас тіркелген
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі коронавирус инфекциясының жағдайы бойынша Үкіметте есеп берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда елімізде COVID-19 - жаңа вирусын жұқтырған 4 049 науқас тіркелген.
"Өткен тәулік ішінде республикамызда 129 оқиға тіркелді, яғни өсім 3,3% -ға артты. Оның 84 -і, яғни 65% профилактикалық тексеру кезінде анықталды, 36 науқас өздері медициналық көмекке жүгінген", – деді Біртанов Үкімет отырысында.
Жаңа жағдайлардың ең көбі Алматыда - 33, Батыс Қазақстан облысында - 20, ал ең үлкен өсім Маңғыстау облысы еншісінде: 13,8%.
"Кеше екі адам қайтыс болды. 29 кісі өлімі тіркелді, 1173 адам емделіп, жазылды, 2847 науқас әлі емделіп жатыр. Өткен тәулікте 13 550 тест сыналды, скрининг үшін 4500 тест өткізілді", – деді ол.
Премьер-Министр Асқар Мамин елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанын атап өтті және осы қарқыны ұстап тұруды тапсырды.