Облыста COVID-19 вирусын жұқтырған 788 адам тіркелген
Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 34 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасай отырып.
«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 34 адамда COVID-19 вирусы анықталды, тіркелген жағдайлар скрининг барысында және жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды.Атап айтсақ, Қарағанды қаласында 13 адам, Теміртау қаласында – 15, Саран қаласында – 1, Бұқар жырау ауданында – 1 және Абай ауданында – 4 адам анықталды», - делінген хабарламада.
Барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр. Ошақтарда дезинфекциялық шаралар жүргізілді.
Қазіргі таңда облыста вирусты жұқтырған 788 адам анықталды, оның ішінде 3 адам қайтыс болған және 217 пациент жазылып шықты.