Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 5 адам тіркелді. Оның екеуі Қарағанды қаласынан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазіргі ақпарат бойынша, Қазақстанда қауіпті індет жұқтырғандардың жалпы саны 49-ға жетті. Оның 22-сі Алматыда, ал 25-і Нұр-Сұлтан қаласында. Министрлік өкілі науқастардың жағдай қанағаттанарлық екенін айтады. Алайда елімізде коронавирустан көз жұмғандар жоқ.
Індетті жұқтырғандарға тиісті ем-дом жасалып жатыр. Сондықтан үрейленудің қажеті жоқ деп дүйім елді сабырлыққа шақырды.
«Оның екеуі Қарағанды қаласында. Олар 1972 және 1971 жылы туылған Қазақстан республикасының азаматтары екеуі де 0324 рейсімен Минск-Қарағанды ұшағымен келген болатын. Сол сияқты Алматы қаласы бойынша 3 адам тіркеліп отыр. Олар 1979 жылғы әйел адам бізге Берлин қаласынан ұшып келді. Екінші азамат 1997 жылы туылған ер адам Франциядан ұшып келді. Және 1982 жылғы әйел адам», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас АХМЕТШӘРІП.
COVID-19: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҒДАЙ
БАРЛЫҒЫ - 49
АЛМАТЫ - 22
НҰР-СҰЛТАН - 25
ҚАРАҒАНДЫ - 2
КАРАНТИНДЕ:
СТАЦИОНАР - 860
ҮЙ - 2611