Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тіркелді

20.03.2020 14:48

Қазақстандағы коронавирус бойынша 20 наурыздағы 08.30 сағ. жағдай

Cbsmedia.ru

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 5 адам тіркелді. Оның екеуі Қарағанды қаласынан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазіргі ақпарат бойынша, Қазақстанда қауіпті індет жұқтырғандардың жалпы саны 49-ға жетті. Оның 22-сі Алматыда, ал 25-і Нұр-Сұлтан қаласында. Министрлік өкілі науқастардың жағдай қанағаттанарлық екенін айтады. Алайда елімізде коронавирустан көз жұмғандар жоқ.

Індетті жұқтырғандарға тиісті ем-дом жасалып жатыр. Сондықтан үрейленудің қажеті жоқ деп дүйім елді сабырлыққа шақырды.

«Оның екеуі Қарағанды қаласында. Олар 1972 және 1971 жылы туылған Қазақстан республикасының азаматтары екеуі де 0324 рейсімен Минск-Қарағанды ұшағымен келген болатын. Сол сияқты Алматы қаласы бойынша 3 адам тіркеліп отыр. Олар 1979 жылғы әйел адам бізге Берлин қаласынан ұшып келді. Екінші азамат 1997 жылы туылған ер адам Франциядан ұшып келді. Және 1982 жылғы әйел адам», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас АХМЕТШӘРІП. 

COVID-19: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҒДАЙ

БАРЛЫҒЫ - 49

АЛМАТЫ - 22

НҰР-СҰЛТАН - 25

ҚАРАҒАНДЫ - 2

КАРАНТИНДЕ:

СТАЦИОНАР - 860

ҮЙ - 2611