Бүгінде қала бойынша коронавирус жұқтырған 1966 адам тіркелді
Алматы қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 57 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарламасына сілтеме жасап.
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 57 адамда COVID-19 вирусы анықталды.
Тіркелген жағдайлардың ішінен 42 адам вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болғаны үшін профилактикалық тексеруден өту кезінде анықталған, 15 адамнан скрининг нәтижесінде анықталды.
«Барлығы қаланың жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр», - делінген ақпаратта.
Ошақтарда дезинфекциялық шаралар жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта қала бойынша коронавирусты жұқтырған 1966 адам тіркелді, оның 1092-сі сауығып шықты.