Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 13 адам қайтыс болды

12.09.2021 в 14:50

120 адам емделіп шықты

12 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

«10.09.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 270 жағдайы және 13 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 120 адам емделіп шықты» – делінген хабарламада.

13 наурыздан 2020ж. барлығы: ауырғандар - 72742, 4664 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 59773 жетті.