Қазақстанда коронавирустан да қауіпті пневмония тарағаны рас па

11.07.2020 00:00

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі бұған қатысты түсінік берді

Қазақстанда коронавирустан да қауіпті пневмония тарады деген ақпарат жалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Диас Ахметшәріп мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстанда коронавирустан анағұрлым қауіпті пневмония тарады деген мәлімет жарияланған болатын.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұны біз ресми түрде министрлік атынан хабарлаймыз. Өздеріңіз білетіндей Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы індетті классификациялайтын халықаралық кодтарды енгізген болатын. Пневмония бойынша. Соған сай ДДҰ-на кіретін елдер қатарында Қазақстан да бар. Қазақстан осы классификацияға сай пневмония індетін әр уақытта есепке алып, мониторинг жасап отырады. Осы мониторнгтің арқасында керекті іс-шараларды қолға аламыз және оның таралмауына атсалысамыз», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп