Шығыс Қазақстанда кинотеатрлар қайта ашылатын болды

20.12.2020 18:24

Шығыс Қазақстан облысы коронавирустың таралу қарқыны бойыша «жасыл аймаққа» кірді

Twitter

Шығыс Қазақстан облысы коронавирустың таралу қарқыны бойыша «жасыл аймаққа» кірді, деп хабарлайды Almaty.tv  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов өзінің Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Облысымыз бүгіннен бастап COVID-19 вирусының таралу қарқыны бойынша «жасыл аймаққа» кірді. Бұл тиісті қызметтердің үйлесімді жұмысының, тәртіпке бағынған өңір тұрғындарының жоғары азаматтық жауапкершілігінің арқасында мүмкін болды. Бірақ қоғамдық тамақтану орындарында, кәсіпорындар мен мекемелерде отбасылық және бұқаралық кештер, оның ішінде жаңа жылдық корпоративтер өткізуге тыйым салынады. Көпшіліктің қатысуымен жаңа жылдық театрландырылған қойылымдар қоюға, сондай-ақ ойын-сауық агенттіктері мен аниматорлардың қызметтеріне рұқсат берілмейді», - деді облыс әкімі.

Ал қоғамдық тамақтану орындары жексенбіден басқа күндері сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істейді.

«2020 жылғы 31 желтоқсаннан 2021 жылғы 01 қаңтарға қараған түні бұл объектілерге сағат 07.00-ден 04.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді. Десе де, ұжымдық іс-шаралар өткізілмей, орын саны 50%-дан артық толмауы тиіс. Сонымен қатар өңірдің «жасыл аймаққа» өтуіне байланысты ауданы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлік тауарлары сатылатын сауда объектілері тәулік бойы ашық болады. Ал кинотеатрлар 30% сыйымдылықпен жұмыс істейді», - деді Даниал Ахметов.