БҚО-да карантинге байланысты қосымша шектеулер енгізілді

24.06.2020 14:52

Демалыс күндері сауда орталықтары мен базарлар жабық болады

Фото с сайта: pixabay.com

БҚО-да карантинге байланысты қосымша шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Коронавирусқа байланысты аймақтағы тұрақсыз жағдайды ескере отырып, демалыс күндері – 2020 жылдың 27 маусымында сағат 00:00-ден 29 маусымның 00:00 уақытына дейін мынандай қосымша шектеу шаралары енгізіледі:

1. Азаматтардың қозғалысы шектеледі, тек мынандай жағдайда рұқсат бар:

 тұрғылықты жерінен жұмыс орнына және керісінше, егер жұмыс орнынан үйіне баратындарға, онда да қолдарында анықтама қағазы (немесе қызметтік куәлік) болса;

 тамақ, дәрі-дәрмек және медициналық мақсаттағы бұйымдарды тұрғылықты жері мен жұмыс орнына жақын маңнан сатып алуға;

 медициналық ұйымға төтенше жағдай туындап бару керек болғанда;

 тұрғылықты үйінің маңайында үй жануарларын серуендетуге алып шығуға;

2. 65 жастан асқан адамдарға қатты қажеттіліксіз көшеге шығуына тыйым салынады;

3. Жұмысы тоқтайды:

 "онлайн сату" форматынан басқа сауда үйі, сауда орталығы, базарлар, сауда желілері;

 қоғамдық көліктердің жұмысы;

 саябақтардың, алаңдардың, жағажайлардың және басқа да демалыс орындары;

 фитнес орталықтар және басқа да спорттық нысандар;

4. Қоғамдық тамақтану орындарына тек қашықтық сақталған жағдайда және ашық, аспан асты форматында, отыратын, орындар саны 30-дан аспайтындарына ғана рұқсат етіледі;

2020 жылдың 24 маусымында сағат 00:00-ден бастап көлік құралдарының қозғалысы сағат 23.00-ден 06.00-ге дейінгі аралықта шектеледі.