Нұрлан Нығматулин коронавирустан жазылып шықты

02.07.2020 14:52

Медициналық хаттамаға сәйкес, Мәжіліс спикері теріс нәтиже көрсеткен коронавирусқа бақылау тестінен өтті

parlam.kz

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус инфекциясын емдеу курсынан сәтті өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Медициналық хаттамаға сәйкес, Мәжіліс спикері теріс нәтиже көрсеткен коронавирусқа бақылау тестінен өтті. 

Еске сала кетейік, 16 маусымда Мәжіліс төрағасы тапсырған тест оң нәтиже көрсеткен болатын. Диагноз коронавирустың симптомсыз түрі деп қойылды. 

Осыған орай, Нұрлан Нығматулин өзін-өзі оқшаулау туралы шешім қабылдаған еді.